EXPO-2017

МОНОГРАФИЯЛАР ГЕРМАНИЯДА ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

23.09.2014

7170

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ ғалымдарының монографиялары Германияның «LAP Lambert Academic Publishing» баспасынан жарық көрді. Шет ел баспасынан бірден 5 монографияның жарыққа шығуы университет тарихында алғаш рет екенін айта кеткен жөн.
«Специальные экономические зоны» және «Государственное регулирование аграрной сферы экономики» тақырыптарындағы ғылыми жұмыстар экономика ғылымдарының докторы, профессор Әймен Әнуарбек Талқаұлына тиесілі болса, «Безопасность гидротехнических сооружений в условиях сурового климата в сложных природно-климатических условиях» тақырыбындағы монография техника ғылымдарының докторы, профессор Қойбақов Сейітжан Мелдебекұлының авторлығымен шығарылды. Сонымен қатар, бұл тізімнің қатарын техника ғылымдарының докторы, профессор Бекбасаров Исабай Исақұлының «Особенности и перспективы развития технопарковых структур» және «Погружаемость и энергоемкость забивки свай и штампов» ғылыми еңбектері толықтырып тұр. Атап айтатыны И.Бекбасаровтың «Погружаемость и энергоемкость забивки свай и штампов» тақырыбындағы монографиясы «Құрылыс» мамандығының магистранттары Г.И.Исакова және А.Аманбаевамен бірлесе зерттеген еңбектерінің жемісі. Бұл магистранттардың авторлығымен шетел баспасынан жарық көрген алғашқы ғылыми еңбектер.

Дереккөзі: tarsu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар