Өзектi

Қазақстандық ЖОО-лардың 700-ге жуық түлегі мемлекеттік органдарда және ұлттық компанияларда тағылымдамадан өтеді

22.09.2014

7648

«Нұр Отан» партиясы жүзеге асырып жатқан «Сәтті қадам» жобасы аясында қазақстандық ЖОО-лардың 700-ге жуық түлегі мемлекеттік органдарда және ұлттық компанияларда тағылымдамадан өте алады, сондай-ақ, жұмыс беруші ірі кәсіпорындар тізімін ұлғайту жоспарлануда. Бұл туралы партияның баспасөз қызметінен хабарлады.

Жыл басынан бері ЖОО-лардың 330 түлегі үшін мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда 3 айлық тағылымдама ұйымдастырылып, олардың 45-і жұмысқа орналасты. ЖОО-лардың жоғарғы курсының 10 мың студенті үшін жобаның тұсаукесері өткізіліп, Астанадан қатысушыларға 17 семинар-тренинг ұйымдастырылып, сертификаттар берілді.

Айта кетейік, 23 шілдеде еліміздің бар аймағында жобаның тағылымдама ұйымдастыру бойынша жаңа кезеңіне құжат тапсыру басталды.

Алдағы кезеңде 3 айлық тағылымдамадан өткен жастарға олардың кәсіби жарамдылығы бойынша сертификат беру қолданысқа енгізілмек. Сонымен қатар, жоба серіктестері - жұмыс беруші ірі кәсіпорындар саны 240-қа жеткізілмек, тағылымдамадан өткен қатысушылар саны 700 болады. Қазірдің өзінде 191 ірі кәсіпорынмен меморандумға қол қойылды.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар