Өзектi

Қазақстандық ғалым жаңа технология ойлап тапты

19.09.2014

7902

Тұйық кен орнында барит минералын байыту бойынша инновациялық жобаны ендіру - Қазақстанға тығыздығы рекордттық көрсеткішке ие концентратты экспортқа шығаруға мүмкіндік береді. Көлемі бір шаршы метр болатын жаңа концентраттың салмағы 4,4 тоннаға жетеді. Бұл туралы бүгін ҚазАқпарат тілшісіне КСРО ғылыми және инженерлік қоғамдары одағының алғашқы сыйлығының иегері, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Александр Даниленко мәлімдеді.
«Алматы облысында орналасқан Тұйық кен орнының әлеуетін пайдалануға әбден болады. Ол үшін онда байыту фабрикасын салу керек. Бірақ, бұл ауданның сейсмикалық қауіптілік деңгейі өте жоғары. Сондай-ақ, электр қуаты және су жеткізу де үлкен мәселе. Оның үстіне барит концентраттарын алыс қашықтыққа автокөлікпен тасуға тура келеді. Сол үшін мұнда фабрика салу тиімсіз екені көрініп-ақ тұр. Бірақ біздің ұйым барит минералын байытудың жаңа технологиясын ойлап тапты. Соның негізінде барит кенін өңдейтін жаңа тәжірибелік-өндірістік қондырғы жасалды» - деді ғалым.
Оның айтуынша, бұл аталмыш қондырғыда тығыздығы рекордтық көрсеткішке ие концентрат алынған. Ондағы сульфаттың мөлшері 98 пайызды құрайды.
«Бұл жерде Тұйық кен орны меншік иелерінің жиі ауысатыны бізге үлкен қолбайлау болып отыр. Кен орнының әлеуеті өте жоғары болғанымен әлі күнге дейін ол жерде кен өңдеуші кешен салынған жоқ. Егер де бұл жоба қолға алынар болса, мұнда жаңа жұмыс орындары ашылады. Және Алматы облысының ең нашар дамыған және шет орналасқан ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеріп, Қазақстанның экспорттық әлеуетін едәуір арттыруға болар еді» - деді А. Даниленко.
Естеріңізге сала кетелік, Тұйық кен орны Алматы облысының Кеген ауданында, Темірлік тауының солтүстік бөктерінде, Есік өзеніне құятын Тұйық өзенінің оң жағында орналасқан.
Барит минералы оптикалық приборларға, қатты шыны, қағаз, бояу жасауға және тағы басқа да салаларда қолданылады.

Дереккөзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар