Өзектi

«Менеджмент» кафедрасының профессоры Б.Н. Исабеков «Africa Singapore Business Forum 2014» форумында ғылыми баяндама жасады

17.09.2014

6552

«Africa Singapore Business Forum 2014» - іргелі бизнес-платформасы және бизнес-идеялармен алмасумен қатар Азия мен Африка елдерінде сауда мен инвестицияларды тартуда көлемін арттырудың инновациялық тетіктері болып табылады. Форум Азия мен Африка елдерінде жекеменшік секторының экономикадағы үлесінің өскендігін көрсетеді, мұнымен қоса, Сингапурдың бизнес-компаниларының Азия мен Африка елдеріне ықпалының артқандығын дәлелдеді.
Жоғары деңгейдегі форумға қатысуға Еуразия ұлттық университетінің «Менеджмент» кафедрасының профессоры Б.Н. Исабеков шақырылған болатын. ASBF-2014-те «Сингапур мен Қазақстан арасындағы аймақтық деңгейде инновациялық тетіктерді зерттеу және қолданудың экономикалық тетіктерін жетілдіру” тақырыбында ғылыми баяндама жасады. Ол өз баяндамасында Қазақстан мен Сингапур компаниялары арасында аймақтық деңгейде келешекте инновациялық ынтымақтастық ету туралы сөз етті. Сондай-ақ, «жасыл» экономика аясында қазақстандық компаниялар тарапынан инновациялық идеяларды қолдану болып табылады.
«Евразиялық» Сингапур ұлттық университетінің профеесоры Solomon Bekele, Наньян технологиялық университетінің өкілі Patricia Ghesquiere Kang-пен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-мен болашақта инновациялық экономика жағдайында мамандарды даярлау мақсатында екіжақты стратегиялық ынтымақтастық ету жөнінде келіссөздер жүргізді.
Сонымен қатар индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге асыру мақсатында инновациялық тәжірбиені қолдану мүмкіншіліктерін Сингапур компаниясының атқарушы директоры Nile Dutch NG Choo Bengпен, париждің технологиялық компаниясынң The Asia-Africa өкілі Report Nathalie Guillery жөнінде талқылады.
Еске сала кетейік, профессор Б.Исабеков инновация мен кәсіпкерлік саласындағы өзінің ғылыми зерттеулерімен бөлісетін G-GLOBAL ақпараттық-коммуникативтік алаңның белсенді қатысушысы болып табылады. Қазіргі таңда ол өндіріс саласының кәсіпорындарында инновациялық қызметті дамыту мәселесімен айналысып келеді. Ғылыми ізденіс жолында гранттық жобаларға қатысып, оқуқұралдарын шығарып, импакт-факторы жоғары журналдарда мақалалар жариялаған.

Дереккөзі: enu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар