Өзектi

Елімізде арзан әрі ұзаққа шыдайтын батареялар шығарылады

17.09.2014

6695

Бірнеше жылдың ішінде елімізде қауіпсіз әрі ұзақ уақытқа шыдайтын батареялар шығарыла бастайды. Олардың бағасы да әлдеқайда төмен болмақ.

Қазір жоба Назарбаев университетіндегі зертханада жетілдіріліп жатыр. Оны біз күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрген техникалардың барлығына қолдана аламыз. Ғылыми тілмен айтқанда, литий-ионды батареяларды әлемдік талаптарға сәйкестендіру үшін халықаралық тәжірибелер енгізіледі. Соған байланысты бүгін Назарбаев университетіне Жапония, Корея, Германия, Канада, Австралия сияқты мемлекеттерден жетекші ғалымдар келіп, халықаралық семинарға қатысты. Оған қатысушылар литий-ионды батарея бойынша, өз елдерінде жүргізіліп жүрген сынақтар мен нано-технология саласындағы жаңалықтарымен бөлісті.

Алмагүл Ментбаева, ғылыми жобаға қатысушы:
– Негізгі бағытымыз – Қазақстандағы шикізатты, күкірт сияқты өндірістік қалдықтар ретінде пайдаланып, мүмкіндігінше құны төмен, энергиялық тығыздығы жоғары ұзақ жұмыс істейтін батареялар дайындау.

Дереккөзі: today.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар