Өзектi

Кипр күн энергиясымен жүретін көлік шығарды

17.09.2014

7066

Солтүстік Кипр Түрік Республикасында өндірілген тұңғыш күн энергиясымен жүретін көлік таныстырылды.

Сағатына 150 км жылдамдықпен қозғалатын көлік 27 қыркүйек күні Оңтүстік Африка Күн энергиясымен жүретін көліктер раллиіне қатысады.

«Күн құдайы RA25» деп аталған көлік Таяу Шығыс Университетінде жобаланды.

Ұзындығы 5 метр және ені шамамен 2 метр болатын көлікке Солтүстік Кипр Түрік Республикасының нөмірі берілген.

Дереккөзі: today.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар