Өзектi

Ұзақ жасаудың амалы

16.09.2014

6300

Жапондықтардың ұзақ жасайтыны баршаға белгілі. Кәрілікке бой алдырмайтын шығыс сұлулары әдемілік пен ұзақ жасаудың құпиясы дұрыс тамақтануда екенін айтты, деп хабарлады life24.ru.
Алайда жапон диетасына отырғандардың бәрі қалаған нәтижеге қол жеткізе алмайды екен.
Жапония мен Қытай тұрғындарының тағамына жануар майы қосылмайтыны құпия емес. Бұл елдер еуропалықтардың сүйікті тағамдары: сүт, ет, сары май, ірімшік жемейді. Олардың басты тағамдары балық, көбінесе оны шикідей тұтынады.
Ел тұрғындары балықпен бірге ұлуды тағам ретінде пайдаланады. Олар органикалық йодқа бай теңіз өсімдіктерінің түр-түрін, сондай-ақ теңіз минералдарын пайдаланады, оған саңырауқұлақ, балдырлар жатады.
Егер еуропалық осындай тағам режіміне көшсе, денсаулығын нығайтып, азғасын тазартып алар еді. Алайда, Еуропа тұрғындары өмір сапасын өзгертіп, тағам талғамын жақсартып та кәріліктен құтыла алмауы мүмкін. Оның себебі бірегей генетикалық кодта екен. Шығыс елдерінің тұрғындары мыңдаған жылдар бойы осындай өмір сүру салтын ұстанған, сондықтан да оларда ағзаның кейбір қасиеттерін айқындайтын белгілі бір генетикалық код бар.
Авторы Жолдасбек Дуанабай

Дереккөзі: http://www.aikyn.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар