Өзектi

Иран Президенті Назарбаев Университетінің құрметті қонақтар кітабына қолтаңба жазып қалдырды

10.09.2014

6919

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Иран Президенті Хасан Руханимен бірге «Назарбаев Университетіне» барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Хасан Рухани университет ғимаратын аралап, оның қызметімен танысты.
Бұған қоса, Қазақстан мен Иран Президенттері студенттермен және оқытушы-профессорлар құрамымен кездесті. Сондай-ақ Х.Рухани олардың алдында қазіргі қоғамды дамытудағы ғылымның рөлі туралы дәріс оқыды.
Соңында Иран Президенті құрметті қонақтар кітабына қолтаңба жазып қалдырды.

Дереккөзі: http://www.inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар