Өзектi

Иран Президенті Назарбаев Университетінің студенттеріне әл-Фарабидің әлемдік ғылымға қосқан үлесі жайында дәріс оқыды

10.09.2014

6970

Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Рухани Астанаға өзінің мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге елдің басты университетіне барды.
«Құрметті студенттер, сіздердің орталарыңызда тұрғаныма, әсем қала Астанада жүргеніме қуаныштымын. Осы елдің зиялы қауымы алдында сөз сөйлеп жатқаныма да ризамын. Бұл мүмкіндікті беріп, құшақ жая қарсы алғаны үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдіргім келеді», - деді Х.Рухани университеттің студенттері мен профессорлық-оқытушылар ұжымына айтқан сөзінде.
Ары қарай Иран басшысы аймақтың мәдени мұрасы, ұлы ғалым әл-Фарабидің және өзге де ғалымдардың әлемдік ғылымға қосқан үлесі жайында дәріс оқыды.
Еске сала кетейік, бүгін екі мемлекеттің басшылары екі жақты келіссөздер жүргізіп, қазақстандық-ирандық бизнес-форумға қатысты.

Дереккөзі: http://www.inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар