Өзектi

30 томдық ғылыми салалық қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздіктер топтамасы дайындалды

10.09.2014

6981

Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қо­ғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы негізінде Педагогикалық ғылымдар академиясы 2012-2014 жылдары ғылым мен техниканың, экономика мен мәдениеттің барлық салаларын қамтыған 30 томдық ғылы­ми салалық қазақша-орыс­ша, орысша-қазақша терми­но­логия­лық сөздіктер топтамасын дайын­дады, деп хабарлады «Егемен Қазақстан» газеті бүгінгі санында.
Сөздіктерді дайындауға 52 ме­кемеде - жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу инсти­туттарында, академияларда, министр­ліктер мен Парламентте, са­ла­лық мекемелерде жұмыс іс­тей­­тін ғалымдар мен сала маман­­дары, жалпы 350-дей адам атсалысты.
Барлық сөздіктердің авторлық ұжым құрамында А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары бірге еңбек етті.
Сөздіктер Терминком мәжі­ліс­терінде мұқият талқыланды. Комиссияның 29 тамызда өткен мәжілісінде сөздіктерді халықтың талқысына түсіру, көптің сарабына салу жөнінде ұсыныс айтылып, ол ұсыныс министрлік тарапынан да қолдау тапты.
«Терминжасам ісі - бүкіл ха­лыққа ортақ іс. Термин жасау сала мамандары мен терминолог ғалымдардың ісі болғанымен, оған жалпы жұртшылықтың да араласқаны дұрыс. Себебі - тіл халықтікі, жалпы ортақ байлық. Сондықтан, сіздердің ұсыныс-пікірлеріңізді білу, әртүрлі нұс­қаларды қарастыру үшін осы сөздіктер Педагогикалық ғылымдар академиясының сайтына (www.apnk.kz ) ілінді.
Өз пікірлеріңізді 30 қыркүйекке дейін мына электрондық адреске жолдауларыңызды өтінеміз: apnkaz@mail.ru.
Жұмыс тиімді болу үшін ұсыныс-пікірді дәлме-дәл айтқан жөн. Электронды адреске жолданатын пікірде сөздіктің аты көрсетілуі, онан кейін - терминнің орысша берілуі - қазақша берілуі - ұсынатын нұсқаңыз - нақпа-нақ жазылуы жөн.
Сіздерді осы іргелі іске атсалысуға шақырамыз!», - делінген Педагогикалық ғылвымдар академиясының хабарламасында.

Дереккөзі: http://www.inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар