Қытайдың "Baidu" компаниясы тамақтың қауіпсіздігін анықтайтын электронды қытай таяқшаларын жасап шықты, деп жазады ВВС. Қытай таяқшалары тамақтың қатты ыстықтығын, дәріумендердің жеткіліктілігін анықтаумен қатар, тамақтың пайдалану, сақтау мерзімін және тамақ пісірілген майдың сапасын да анықтай алады. Өйткені, май сапасының санитарлық нормаларға сай келмейтіндігі - Қытайдағы өзекті мәселелердің бірі.
Сонымен қатар, таяқшадағы натри анықтауышы тұзды күнделікті нормадан тыс пайдаланғанда белгі береді. Таяқшадағы ақпарат wi-fi немесе Bluetooth арқылы компьютерге жолданады.
Жалпы, «Назарбаев Университетінде» 200-дей жоба зерттелуде екен. Солардың ішінен коммерцияландыру кеңсесі нарықта сұранысқа ие болуы мүмкін 32-сін іріктеп алған. Кейін АҚШ-тағы тәуелсіз эксперттер қарап, коммерцияландыру тұрғысынан сараптама жүргізген соң, жетеуі ілгері озған. Бұл жобалар қазір патенттелу үстінде көрінеді.
Мұның сыртында жақында университеттен тыс, басқа жерлерден де өнертабыстар мен ғылыми әзірлемелерді іріктеу бастау алмақ. Бүгінгі таңда оның критерийлері жасалуда делінді.
Қ.Байғарин бір инновациялық жобаға тоқталды: «Біз әртүрлі химиялық, биологиялық реактивтердің 90 пайызын, сондай-ақ оның құралжабдықтарын да тегіс дерлік шетелден сатып аламыз. Осыған байланысты біз бір жоба аясында «пептидтер өндірісін» құрудамыз. Соның арқасында ғылыми сынақтар үшін қажетті, сырттан импортталып келген осы элементтерді енді тек өзіміз шығарамыз. Осылайша, біз өз ғалымдарымыздың мұқтаждығын өтеуге, «импорт алмастыруға» кірістік».
Тағы бір жоба – «роботизация». Қазақстан – ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр жері бар мемлекет. Халқы небары – 17 миллион. «Сол себепті мұнда еш даусыз, роботты техника, автоматтандыру саласына күш салуға тиіспіз. Бізде бойында күші мол қаншама адам шлагбаумдар жанында тұрады, әлденені күзетеді. Еңбекке жарамды азаматтардың 10 пайызы күзет қызметіне тартылған. Бүгінде оның барлығын автомат жасайды. Демек, «елімізді роботтандыру» – басымдық деп санаймыз! Өйткені шекарамыз да ұзын, шекарашымен қамту қиын. Оны «машина» көмегімен күзетуге болады. Сондықтан бізге америкалық белді профессор ғалым келді, ол бірнеше жобаны жүзеге асыруда. Мәселен, күрделі, қауіпті өндірістерде өз бетімен қызмет атқаратын «автоматты қолды» түзуде» деді Қанат Байғарин.Жақын уақытта бұл инновацияларға қазақстандықтар куә болуға тиіс.
Авторы: Жолдасбек Дуанабай
Дереккөзі: http://www.aikyn.kz