С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-ға «Беларус-3522» тракторының оқу-әдістемелік кескіні тапсырылды
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Қазақстан - Беларус инженерлік кадрларды даярлау және қайта даярлау орталығында «Беларус-3522» тракторының оқу-әдістемелік кескінін салтанатты тапсыру рәсімі өткізілді.
Бұл С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ мен «Беларусь тракторы СҮ» ЖШС арасында жылдар бойы жалғасып келе жатқан ынтымақтастықтың белгісі. Салтанатты рәсімге ҚР ІІМ вице-министрі, Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық байланыстар мемлекетаралық комиссиясының теңтөрағасы В.К.Божко, Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі А.И.Ничкасов, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры А.Қ. Күрішбаев, «Беларус тракторы СҮ» ЖШС директоры И.С.Морозов және т.б. меймандар қатысты.
Университетке тарту етілген трактор кескінінің жалпы массасы 7 тонна, ұзындығы 5 метрге жуық, ені 2 метрден астам және биіктігі 3 метрге тең модуль оқу техникасының павильонында орнатылған. Оның көмегімен студенттер тракторларды жақыннан көріп, оның атқарымдық міндеттерін және қозғалыс қағидаттарымен таныса алады.
Ағымдағы жылдың 8-10 шілде аралығында Астана қаласында «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агртехникалық университеті» АҚ Сауда Үйінің сатуы бойынша менеджерлік оқыту бойынша курстар ұйымдастырды. Алайда МТЗ «Беларусь тракторы СҮ» ЖШСмен университет арасындағы ынтымақтастық мұнымен шектелмейді. Алдағы уақытта ҚазАТУ негізінде ғылыми-өнідірстік кластер құру, оқу-тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілмек.
Осының барлығы Қазақстан Рсепубликасы және Беларусь Республикасы елдері арасындағы екі жақты сауда-өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытудағы болашақ инженерлердің білімін арттыруға өз үлесін қосады.
Дереккөзі: inform.kz