Өзектi

Үш өлшемді басылым технологиясы

22.08.2014

5893

Бүгінде үш өлшемді басылым технологиялары өнідірістік үрдістің ажырамас бөлігі ретінде де дамып келе жатқаны белгілі. Бұл саладағы жетістіктердің басым көпшілігі медицинаға, соның ішінде – хирургияға бағытталған.
Жақын Утрехтегі Нидерланды университеті медициналық орталығының мамандары жас қызға 23 сағат ота жасап, оның ми сауытын имплантпен алмастырды. Осы ретте таза пластиктен жасаған имплантатты австралиялық Anatomics компаниясы дайындағанын айта кетуіміз керек. Компания үш өлшемді басылым және 3D-принтер саласындағы заманауи жетістіктерді пайдаланып, медициналық өнімдер шығаруға маманданғаны көпшілікке мәлім. Әзірше компания қызметкерлері жапсыру барысында пайдаланған материалдың құрамы құпия сақтауда.
Ми сауытына ота жасатқан қыз қабырғаларының үш есе ұлғайюына алып келген сүйектерінің сырқаттануына байланысты шұғыл хирургиялық көмекке зәру болған. Сүйектердің қалыңдығы әдеттегі 1,5 см болса, ауру қыздың сүйектерінің қалыңдығы 5 см/ға дейін өскен. Нәтижесінде миға түскен үлкен қысымның кесірінен бойжеткен қатты бас ауруынан жапа шегіп келгенін айта кетуіміз керек. Сонымен қатар денедегі кейбір қозғаушы бөліктері де зардап шегіп, көру қабілеті төмендей бастағанда оған дәрігерлер көмек қолын созды.
Қазіргі таңда Утрехтегі Нидерланды университеті медициналық орталығының жасаған хирургиялық отасы медицина саласындағы айтулы жаңалық болып саналуда. Бұған дейін ми сауытын толығымен ауыстыру қолдан келмейтін шаруа болып саналып келген еді. Енді медик-ғалымдар үлкен нәтижеге қол жеткізіп отыр.
Осы ретте ми сауытының жоғарығы бөлігін алмастыратын материалды ойлап тапқан Anatomics компаниясы инженерлерінің де еңбегін ерен екенін айтуға тиіспіз. Осыған дейін күрделі операциялар барысында ағзаның бөліктерін сәтті алмастыру үшін қажетті импланттар қолдан жасалынып келген-ді. Енді үш өлшемді басылым технологиясы көлемі және пішіні бойынша аса дәлдікпен жасанды бөліктерді тек қана ми сауытынан басқа, адам ағзасының басқа бөліктерін де жасанды түрде жасап келеді. Емделуші отадан кейін өзін жақсы сезінген.

Дереккөзі: NBC News


«« | »»
Соңғы жаңалықтар