Өзектi

Ғалымдар адамзат баласының жер бетінен жойылатын уақытын анықтады

22.08.2014

6882

АҚШ ғалымдары адамзат баласының жер бетінен жойылатын уақытын анықтады, деп жазады шетелдік БАҚ. Ғалымдардың айтуынша, Жер планетасына алып астероид жақындап келеді.
Аспан денелерін зерттеуші ғалымдардың сөзіне қарағанда, үлкен жылдамдықпен жақындап келе жатқан алып астероид Жерге 2880 жылдың 16 наурызында құлауы мүмкін. Астероид 1950 DA деген атауға ие. АҚШ-тың Теннесі штатындағы Университет мамандарының зерттеуінше, аспан денесінің диаметрі 1 шақырымға жетеді және ол жерге секундына 14,5 шақырымдық жылдамдықпен жақындап келеді. Астероидтың әсері қатты. Ол Жермен соқтығысқан жағдайда, адамзат баласы дүниеден мүлдем жойылып кетуі мүмкін, деп жазады ТСН. Алайда ғалымдар: «Адамдарда уақыт жеткілікті. Апаттың алдын-алу үшін әлі талай нәрселерді ойлап табуға болады»,- дейді.

Источник: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар