Өзектi

Ботокс қатерлі ісікті емдеуі мүмкін – ғалымдар

22.08.2014

6823

Ботокс инъекциялары әдетте косметология саласында әжімдерді тегістеу үшін кеңінен пайдаланылады. Енді ғалымдар оны жаңа қырынан ашып отыр. Олардың айтуынша, ботокс қатерлі ісіктің кейбір түрлерін емдеуде үлкен көмек болуы мүмкін, деп хабарлайды BNews.kz.
Science Translational Medicine журналында жарияланған ғалымдардың осы мақсатта жүргізген зерттеу қорытындысына сәйкес, қатерлі ісіктердің кейбір түрлерін емдеуде ботокс инъекциялары жағымды нәтиже беріпті. Атап айтқанда, ғалымдар ботоксты асқазанның қатерлі ісікке шалдыққан жасушаларына енгізген. Зерттеу барысында ғалымдар ісіктің өсу қарқыны бәсеңдегенін айтып отыр. Ботокстың ерекше қасиеттері діңгекті қатерлі ісік жасушаларын қоздырушы сигналдарды бұғаулайтын көрінеді.

Болашағынан көп үміт күттіретін зерттеу барысында адамдарға да алғашқы клиникалық сынақ жасалды.

Ғалымдардың айтуынша, мұндай емдеу әдісінің әлеуеті зор. Алайда күнделікті тұрмысқа енгізу үшін медицина әлі де біраз тер төгуі қажет.

Дереккөзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар