Өзектi

Қазақстанда жаратылыстану пәндерін оқытуда 3D технологиясы қолданылуда

18.08.2014

8567

Соңғы жылдары Қазақстандағы білім беру саласын дамытуға көп көңіл бөлуде. Бұл бағыттағы қадамдардың бірі жаратылыстану саласында «Interactiv Kazakhstan» ЖШС әзірлеген 3D оқыту-әдістемелік кешенін пайдалану болып табылады.
"Біздің өнім «Designmate» үнді компаниясының бағдарламалық қамтамасыз етуі негізінде жасалған. Қазіргі уақытта біз ағылшын тілінен орыс тіліне физика, химия және биология бойынша 300 тақырып, қазақ тіліне - 100 тақырып аудардық. Бұл еліміздің білім мен ғылым саласына үлкен пайда әкеледі", - деді "Interactiv Kazakhstan" ЖШС бас директоры Нұрлан Құрақбай.

Оның сөзіне қарағанда, мұндай бейнематериалдар оқушылардың жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылығын арттырып, физикалық, химиялық және биологиялық үрдістерді жақсы түсінулеріне көмектеседі.

"Бұл кешен Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар аудандарында қолданылуда. Сонымен бірге ол республикалық "Жас дарын" мектептерінің конференциясында таныстырылып, педагогтар қауымының зор қызығушылығын тудырды", - деп атап өтті Н.Құрақбай.

3D оқыту-әдістемелік кешені 3D-жобалау, оқыту құралдары, интерактивті тақта, 3D көзілдіріктер мен заманауи жеке компьютерден тұрады.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар