Өзектi

Семейде агротехникалық парк ашылады

15.08.2014

9733

Семей қаласындағы Шәкерім атындағы мемлекеттік университет мал шаруашылығы саласында ғылымды өндіріске енгізуді қолға алуда деп хабарлайды Аltaynews.kz .
-Бұған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бөлген 6 млн. теңге қаржы негізіндегі Абай ауданы шаруашылықтарында жүргізілген жұмыстар нәтижесін атап өтсе де болады, - дейді ветеринария ғылымдарының докторы Зейнолла Тоқаев.
Оқу орны жылына жаратылыстану, әлеуметтік-гуманитарлық, техникалық, ауыл шаруашылық ғылымдары мен педагогика саласына қажет 2 мыңнан астам маман дайындап шығарады. Бүгінде тек ШҚО-ға ғана 500-ге жуық мал және санитарлық дәрігер, 100-ден артық инженер-механик, агрономдар өте қажет екен.
Шығыс Қазақстан облысының ауа-райы, табиғаты, ауыл шаруашылығын жүргізу тәсілдері ұқсас болғандықтан, қазір мұнда «Қазақстан-Америка ғылыми-зерттеу орталығы» ашылған. Алдағы уақытта орталықты университет ректоры агротехнологиялық паркке айналдырмақ. Қазір түрлі тәжірибе өткізіп, асыл тұқымды малдарды өсіріп, тарату үшін Бородулиха ауданы әкімшілігімен университет шартқа отырып, осы ауданның «Лада» шаруа қожалығында оқу-тәжірибе базасы ашылды. Онда магистранттар, студенттер және ұстаз-ғалымдар өздерінің ғылыми жетістіктерін шаруашылыққа енгізу үшін сынау, тексеру жүргізуде. Университет ғалымдары антибиотиктер, антипаразитарлық, дезинфекциялық құралдар және ветеринариялық препараттар шығару үшін малдың түрлі ауруларына қарсы «Ромат» фармацевтикалық компаниясымен бірге дәрі-дәрмек әзірлеп жатыр дейді. Осы бағытта «Прииртыш бройлер құс фабрикасымен» шарт жасалғанын айтады.

Дереккөзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар