EXPO-2017

Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызда жарияланады – ҚР БҒМ

05.08.2014

8859

Қазақстан ЖОО-ларына түсу үшін мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі 10 тамызда БАҚ-та жарияланады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаевқа сілтеме жасап.
«Жоспарға сәйкес комиссияның жұмыс күні 5 мен 8 тамыз аралығы, соған қарамастан, бәрі дұрыс болса, жұмысты екі күн бұрын аяқтауымыз мүмкін. Қорытынды шығарып, мемлекеттік білім беру гранттарына ие болғандардың тізімін БАҚ-қа 10 тамызда жариялауды жоспарап отырмыз», - деді мемлекеттік білім грантын ұсыну бойынша өткен комиссия отырысында Тахир Балықбаев.

Жалпы алғанда, вице-министрдің айтуынша, биыл республика бойынша 34165 грант бөлінген, оның ішінде 2530 орын ЖОО-лардың дайындық бөлімдерінде білім алу үшін, 31635 грант 1-курсқа қабылдану үшін, күндізгі бөлімге – 31135 грант, сырттай білім алуға – 500 грант.

«Грантқа 69624 үміткер болды, орта есеппен алғанда бір орынға 8 адамнан. Грант үлестіру кезінде агроөнеркәсіпті дамыту мәселесіне көңіл бөлінді, 12 600 орын техникалық ғылымдар мен технология саласына, 5 864 грант педагогика саласына, 2 670 ауыл шаруашылығы мен ветеринарлық ғылым саласына бөлінді», - деп қорытты вице-министр.

Дереккөзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар