Өзектi

Алматылық ғалым антибиотиктерден крем жасап шығарды

04.08.2014

7896

Алматылық ғалым, биолог Мұрат Ғылманов антибиотиктерден жасалатын нано-крем жасап шықты. Алайда инфекциялық ауруларды екі есе тез емдейтіндігін дәлелдесе де, бұл препараты қолданысқа шығару мүмкін болмай тұр.
70-тің қырқасына шыққан алматылық Нелли Слепокурованың ауырмайтын жері жоқ. Оны емделу үшін сатып алған дәрі-дәрмектері тіптен көп. Бірақ қария қолданатын препараттардың көбі дәріханада сатылмайды. Оларды зейнеткердің досы, әрі биолог Мұрат Ғылманов береді. Қазір Нелли Слепокурова ғалымнан алған жаңа сыйды сынақтан өткізіп жатыр.

"Жақында тұмауратып қалғанда осы кремді мұрнымның ішіне, маңайына жақтым. 2 күннен кейін ауруым жоқ болды. Бұл бір сиқыр сияқты", - дейді Нелля Слепокурова.
Ол сиқырдың сыры кішкентай капсуланың ішінде жасырынған. Оларды микроскоппен де көре алмайсың. Ғалым мына нано бөлшектерге антибиотиктерді салып, қарапайым креммен араластырған. Теріге жаққан кезде микро түйіршіктер тез сіңіп, ауру ошағына тікелей әсер ететін көрінеді.

Лаборант Асқар Бекзаттың айтуынша, тері мен еттің арасында резервуарлар бар. Сол арқылы белгілі бір ауырған мүшедегі клеткалармен жалғасатын микрокапелярлар бар. Сол микрокапелярлар арқылы антибиотиктер ауырған мүшеге жетеді де бактерияларды өлтіреді.

Демек, теңдесі жоқ бұл капсуланың сиқыры құрамында да емес, дәріні қажетті жерге тез жеткізе алатындығында. Ал ағзаға крем еш зиянын келтірмейді екен.

"Біздің әдіспен емделгенде, инфекцияны сол нақты жерде емдейміз, басқа мүшелер одан зақымданбайды", - дейді б.ғ.д., професссор Мұрат Ғылманов.
Бұл жаңалыққа ғалым ғұмырының 30 жылын арнаған. 10 жыл бұрын көру қабілетінен айырылса да, ісін жарты жолда тастауға қимапты.
"Нәтижесінде, бұл нано капсулалар туберкулез, диабет, глаукома, тіпті қатерлі ісікті де емдей алады", - дейді Мұрат Ғылмановтың өзі. Бірақ оны ресми фармацевтикалық сынақтан өткізу үшін ғалымның қаражаты жоқ. Сондықтан сиқырлы кремнің игілігін әзірге оның туған-туыс, достары ғана көріп жүр.

Дереккөзі: nur.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар