Өзектi

«Энергетика чемпиондары» стартап-жобасына қатысып, миллионер атан

29.07.2014

6973

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының 2014 жылдың 25 маусымында жариялаған «Энергетика чемпиондары» стартап-жобасы байқауы жалғасуда деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Байқау мақсаты – Қазақстанда жаңа технологияларды дамытуға бастау бере алатын стартап жобаларға қолдау көрсету.
Осыған дейін хабарланғандай, байқау қатысушыларына арнайы құрылған www.champions2017astana.kz сайтына өздерінің онлайн өтінімдерін жібере алады. Осы ретте өнертапқыштар екі кезең аралығында өз идеясын қорғап, оның артықшылықтары мен пайдасын түсіндіруі, қаржылық есепті, оны жүзеге асырудың ойластырылған кезеңдерін ұсынуы тиіс. Осы байқауға қатыса отырып, жасампаздар өздерінің ноу-хау жобаларын ендіріп, өздерін көрсетуге және өз инвесторын табуға мүмкіндік алады.
Байқаудың бірінші кезеңінің нәтижесі бойынша ақырғы кезеңге қатысатын үздік 10 жоба іріктеліп алынады. Байқаудың жалғыз жеңімпазы Астана қаласында 16 тамызда анықталады және ол 4 000 000 теңге мөлшеріндегі жүлде қорының иегері атанбақ.
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы орынбасары Александр Суворовтың сөзі бойынша: «Қазақстанда осы байқау шеңберінде энергетика саласындағы өздерінің жасампаз ойларын жүзеге асыра алатын көптеген өнерлі адамдар бар. Байқау қатысушыларының ең озық идеялары назарға ілігеді деп және біздің байқау Қазақстанда жаңа технологияларды дамытуға өз үлесін қоса алатын тұлғалар үшін бірегей мүмкіндікке айналады деп үміттенеміз».
Өтінімдерді қабылдау күнінің аяқталуына дейін бір аптадан аз уақыт қалды. Өз жобаларыңызды жүзеге асырып, Әлемді жақсы жаққа өзгерту мүмкіндігін өткізіп алмаңыздар.

Дереккөзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар