Өзектi

Жастар ғылымға бет бұра бастады - Бiлiм министрi

15.07.2014

5518

Ғылым саласын қаржыландырудың жаңа жүйесi өз жемiсiн бере бастады, деп есептейдi ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрiнжiпов.
"Қазiргi уақытта ғылымды қолдау және қаржыландыру бағытындағы жағдай 90-шы жылдарға қарағанда түбегейлi өзгерген. Ол кезде көптеген ғалымдар шетелге жұмыс iстеуге кетiп қалған болатын. Бүгінде Ғылым туралы заң енгiзiлдi, оның аясында қаржыландыру ұлғайып отыр. Атап айтар болсақ, қаржыландырудың үш арнасы бар: базалық, гранттық және мақсаттық. Жыл сайын құйылатын қаражаттың көлемi де артуда. Былтыр 10 млрд. теңге бөлiндi. Бұл жүйе өз жемiсiн бере бастады", - деп атап өттi министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы қазақстандық ғалымдардың 2000-нан астам халықаралық ғылыми жарияланымдары жарыққа шығады деп жоспарлануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 10-20 пайызға жоғары.

Сондай-ақ А. Сәрiнжiпов жастардың ғылым саласына бет бұра бастағандығын да ерекше айтып өттi.

"Елде жас ғалымдарға барлық жағдайлар жасалған. Соған орай жастардың ғылымдағы үлесi де артуда", - дейдi ол.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар