Өзектi

2016 жылдан бастап талапкерлер білімін бағалаудың жаңа жүйесі енгізілмек

15.07.2014

5511

Қазақстанда 2016 жылдан бастап мектеп бітіріп, ЖОО-ларға түскісі келген талапкерлерді жаңа жүйе бойынша бағалайтын болады.
Бұл туралы бүгін астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.

«Қазіргі уақытта біз орта білім беру жүйесінің мазмұнын жаңартып, бағалаудың жаңа үлгісін жасаудамыз. Бағалаудың аталмыш жүйесі мектеп бітіру кезіндегі сынақ қана емес, сонымен қатар жоғары оқу орындарындағы тиісті мамандықтарға байланысты сұрақтар да қамтылады», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, бұл жүйе кезең-кезеңмен іске асырылады.

«2015 жылы жаңа стандарттар тәжірибеден өткізіледі, 2016 жылы Қазақстанның барлық білім беру жүйесіне енгізу көзделеді. Шығармашылық мамандықтар бойынша мұндай тәжірибе бар», - деп атап өтті А.Сәрінжіпов.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар