Өзектi

Астана медицина университеті түлектерінің 97%-ы жұмыспен қамтылған

11.07.2014

5876

«Астана медицина университеті» АҚ түлектерінің «Бос орындар жәрмеңкесі – 2014» акциясы аясында 97%-ы жұмыс берушілермен ұзақ мерзімді келісім жасасқан. Оның ішінде Астана қаласына – 47,8%, Ақмола облысына – 25%, Солтүстік Қазақстан облысына – 8,5%, Қостанай облысына – 5,4% және 13,3% түлектер еліміздің басқа өңірлерінде жұмыс істейтін болады.
Бұл жайында бүгін оқу орны түлектеріне диплом табыстау рәсімі кезінде айтылды. Биыл университеттің мерейтойы қарсаңында аталмыш білім ордасын 1175 түлек тәмамдап отыр. Енді олар еліміздің түкпір-түкпіріне аттанып, денсаулық сақтау саласының дамуына өз үлестерін қоспақ.
Диплом табыстау рәсімінен кейін болашақ ақ халаттылар Гиппократтың антын қабылдады.
Университеттің 2012-2013 жылдардағы жұмысқа орналасу көрсеткіші бойынша 97%-98,5% түлектерінің (оның ішінде 15%-ы ауылдық өңірлерге) жұмыспен қамтылғаны және Медициналық мекемелердің сұранысы осы университет дайындаған мамандарға жылдан-жылға артып отыруы – университет жұмысының нәтижелі екенін көрсетеді.

Дереккөзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар