Өзектi

Қолданбалы химия институтының базасы әлемдік өндірушілердің заманауи қондырғыларымен толықтырылды

10.07.2014

6564

Х.ғ.к., PhD Ерлан Сүлеймен басшылық жасап отырған Қолданбалы химия институты ғылыми зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында жаңа қымбат қондырғылармен жабдықталды.
Атап айтсақ, лиофильді кептіргіш FDU-1100 (Жапония), жұқа қабатты буландырғыш (АҚШ) және ректификациялық колонна (АҚШ). Бұл қондырғылар ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қажет болып табылады.
Қондырғыларды іске қосу үшін және жұмыс жасауға үйрету мақсатында арнайы маман, сервис-инженер Вячеслав Курашенко (Мәскеу, Ресей) шақырылды. Қондырғылар маманның көмегімен іске қосылды. Қондырғылармен жұмыс жасау бойынша институт директоры Ерлан Сүлеймен, ҚХИ жетекші ғылыми қызметкерлері Роза Жалмаханбетова және Жарқын Ибатаев тренингтен өтті.
Қазіргі таңда институттың қажетті құрал-жабдықтармен қамтылғандығын айта кету керек. Бұл ғылыми зерттеу жұмыстарын жоғары деңгейде орындауға, сонымен қатар Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 26 институты арасынан ең жоғарғы категория алуына мүмкіндік туғызады.

Дереккөзі: enu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар