Өзектi

Алматыда білім ордаларының үздік ондығы анықталды

10.07.2014

6465

Бүгін Алматыда жоғары оқу орындары басшыларының қатысуымен өткен отырыста сауалнама қорытындысы бойынша анықталған үздік жоғары оқу орындарының рейтингі жарияланды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жұмыс берушілердің арасында жүргізілген сауалнама қорытындысына сәйкес, үздік ондыққа Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, Халықаралық бизнес академиясы, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, Халықаралық бизнес университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, С.Демирел атындағы университет, КИМЭП, Алматы энергетика және байланыс университеті, «Тұран» университеті кірген.

Дереккөзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар