Бірінші халықаралық «Forest as an ecosystem» жазғы мектептің салтанатты жабылу рәсімі
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Сарыарқа» ОҒӨК-де (Щучинск қ-сы) Түркия мен ҚР ЖОО-ң «Орман шаруашылығы» мамандығы магистранттары және докторанттарының қатысуымен «Forest as an ecosystem» атты Бірінші халықаралық жазғы мектептің салтанатты жабылу рәсімі өтті.
С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ басшылығы атынан Басқарма Төрағасының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.А.Құсаинова алғыс білдіріп, Варшава жаратылыстану ғылымдары университетінің (Польша) профессоры Лех Платковскиге, Чех жаратылыстану ғылымдары университетінің (Чех Республикасы) профессоры Людек Шишекке, Д.Н.Сәрсековаға, Р.Х.Рамазановаға (ҚАТУ), сонымен қатар Кастамону университетінің (Түркия), Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Е.Букетов атындағы ҚАРМУ және С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ магистранттарына естелік сыйлықтар мен сертификаттар тапсырды. «Сарыарқа» ОҒӨК корпусының жанындағы саяжолда Бірінші халықаралық жазғы мектеп құрметіне барлық қатысушылармен атаулы қылқанды жапырақты ағаштар отырғызылды.
Сонымен бірге салтанатты іс-шара барысында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Сарыарқа» ОҒӨК-дегі Агрономия факультеті деканының орынбасары Нұрұм Данияровқа 60 жас мерейтойына орай, орман шаруашылығын дамытудағы зор үлесін және жазғы мектепті ұйымдастырудағы үлесін ескере отырып, Алғыс хат тапсырылды. Бірінші жазғы мектепті ұйымдастырудағы ерекше алғыс «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» кафедрасының жетекшісі Д.Н.Сәрсековаға және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы С.О.Қытайбековаға білдірілді.
Жазғы мектеп соңында конкурс негізінде 2015 жылы «Сарыарқа» ОҒӨК-де өтетін Екінші халықаралық жазғы мектептің логотипі қабылданды.
Дереккөзі: kazatu.kz