Өзектi

Астанада физикадан мектеп оқушыларының Халықаралық олимпиадасы өтеді

09.07.2014

6032

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен Астана қаласында физикадан мектеп оқушыларының Халықаралық олимпиадасы өтетін болды, деп хабарлады «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы.
Физикадан Астанада өтетін халықаралық олимпиада қатысушы елдердің рекордтық санын жинады.

IPhO-2014 сайысына Қазақстан астанасына 88 әлем елдерінен 700 қатысушы келеді.

IPhO-2014 ағымдағы жылғы 13-21 шілде аралығында Назарбаев Университетінің базасында өтеді. Олимпиаданы ҚР Білім және ғылыми министрлігі мен «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастыруда.

Олимпиаданың мақсаты - мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттыру және жас таланттарды табу, дарынды балаларды қолдауға қажетті жағдайлар туғызу, ғылыми білімдерді насихаттау болмақ.

Олимпиадаға ұлттық физика олимпиадалары жеңімпаздары арасынан мектеп түлектері мен мектеп бітіру алдындағы сыныптардың оқушылары қатысады.

Қазақстан Республикасының намысын Халықаралық Олимпиадада мектеп оқушыларының Жәутіков халықаралық олимпиадасының алтын медаль иегері, физикадан Азия олимпиадасының күміс жүлдегері, физикадан Халықаралық олимпиада күміс медалі мен Республикалық пәндік олимпиададағы алтын медаль иегері Әмір Бірәлин, Халықаралық Жәутіков олимпиадасы күміс медалінің, Республикалық пән олимпиадасының алтын медалінің иегері Иса Данат, Республикалық пән олимпиадасы алтын медалінің және физикадан Халықаралық олимпиаданың қола медалының иегері Нұрбек Дінмұхаммед, «Туймаада» мектеп оқушылары Халықаралық олимпиадасы қола медалінің, Халықаралық Жәутіков олимпиадасы күміс медалінің, физикадан Азия олимпиадасы құрмет грамотасының және Республикалық пән олимпиадасы алтын медалінің иегері Тұрсынбек Нұрислам, жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылымдары олимпиадасы мен Халықаралық Жәутіков олимпиадасы күміс медалінің, Республикалық пән олимпиадасы алтын медалінің иегері Дәулет Құрмантаев қорғайды.

IPhO-2014 ашылуы 2014 жылғы 14 шілдеде Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді және 20 шілдеде осы сарайда жеңімпаздарды марапаттау және жабылу салтанаты өтеді.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар