Өзектi

Еліміздегі әрбір үшінші студент Алматыда оқиды

08.07.2014

6111

Бүгінгі таңда еліміздегі әрбір үшінші ЖОО Алматыда орналасқан және үшінші студент Алматыда білім алады деп хабарлайды BNews.kz.
Мұндай мәліметті жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысы Санжар Боқаев жариялады. Ол сондай-ақ, өскелең ұрпақты техникалық, IT, инженерлік мамандықтарды таңдауға шақырды. Өйткені, жүргізілген зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, 2019 жылға қарай аталған мамандықтар қоғамда үлкен сұранысқа ие болады.
"Бұл зерттеулердің нәтижелері салалық министрліктерге, жергілікті басқару органдарына және бірінші кезекте, мамандық таңдайтын талапкерлерге қажет. Айта кететін тағы бір жайт, магистрлік дәрежесі қызметкерлің жалақысына еш әсер етпейді. Өйткені жұмыс берушіге қызметкерінің дипломының түрінен көрі оның біліктілігі мен білімі қажет" С.Боқаев.

Дереккөзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар