Өзектi

Балдырмен жүретін автобус шықты

04.07.2014

6916

Жапондық Фудзисава қаласында жасыл эвгелена балдырын қолданып, биоотынмен жүретін алғашқы автобус қатынай бастады, деп хабарлады Isuzu компаниясының баспасөз қызметі.
Автобус отынын жапондық жүк көліктері мен Isuzu автобустарын өндірушілер Euglena компаниясымен бірлесіп әзірледі. «Автобус күніне 22 рет жолға шығады. Төрт жылдан кейін балдырдан өңделген биоотынды 100 пайыз пайдалануға мүмкіндік беретін технология жасаймыз деп отырмыз. Қазір оның үлесі 1 пайыз», - делінген хабарламада.
Euglena компаниясы әлемде өнеркәсіптік ауқымда жасыл эвгелена балдырын өсіруге қол жеткізді. Балдырда майлы негіз бар, сондықтан ғалымдар оны биоотын шикізаты ретінде пайдаланып көрген. Бұдан басқа, онда хлорофил бар, ол көмірқышқыл газын жоюға қабілетті.

Дереккөзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар