Өзектi

Республикалық семинар өтуде

04.07.2014

6341

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Өнеркәсіптік меншік нысандарын тіркеу, бағалау, коммерциализациялау және қорғау мәселелері» тақырыбында республикалық семинары өтуде. Аталған іс-шараның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті, Ұлттық зияткерлік меншік институты, сонымен бірге «Қазақ агротехникалық университеті» АҚ болып табылады.

Семинар барысында өнеркәсіптік меншік нысандарының (өнертабыстар, пайдалы үлгілер, өнеркәсіптік үлгілер, тауар таңбалары) құқықтарын тіркеу мәселелері, Кедендік Одақтың жұмысы шегінде өнеркәсіптік меншік нысандары құқықтарын тіркеудің өзекті мәселелері, өтінімдерді электрондық түрде тапсыру және «e-gov» электрондық үкімет порталы арқылы тапсыру мәселелері талқылануда. Сондай-ақ өнеркәсіптік меншік нысандарын бағалау, коммерциализациялау және қорғау жөніндегі өзекті тақырыптар туралы мамандар пікірі тыңдалуда.

Семинарға ҚР Әділет Министрінің орынбасары Әзімова Э.Ә., ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы Естаев А.Қ.,ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының орынбасары Әліғожин Б.Қ., мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, ұйымдар, ғылыми-зерттеу институттарының, жоғарғы оқу орындарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, патенттік сенімді өкілдер, ғалымдар және өнертапқыштар қатысуда.

Дереккөзі: kazatu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар