EXPO-2017

Ғалымдар шаш бояудың қатерлі ісікке соқтыратынын дәлелдеді

13.06.2014

6816

Перманент жасайтын және өңі ұзақ сақталатын шаш бояуларын жиі қолданатын шаштараздардың қан құрамында канцерогендердің көп болатыны анықталды, деп жазады Day.аz.
Белгілі болғандай, бояуларда сутек тотығының көмегімен әрекет ететін қышқылдандырғыш бояғыштар болады екен. Олар ароматтандырғыш аминдар мен бояушы компоненттердің арасында химиялық реакция жүргізеді.

Ароматтандырғыш аминдар - толуидиндерді рак қоздырғышы деп бұған дейін де айтып келген. Ал, орто-толуидиндерді ресми түрде канцероген деп тапқан. ЕО-да ароматтандырғыш аминдарды косметикалық заттарда қолдануға тыйым салынған. Бірақ, Лунд университетінің ғалымдары дәлелдегендей, бұның өзі шаштараздарды құтқара алмайды.

Мамандар 295 шаштаразға зерттеу жүргізген. Оның 32-сі ылғи шаш бояумен айналысқан. Зерттеу нәтижесінде шаштараздардың қан құрамында о-толуидиндер мен мета-толуидиндер табылған. Олар жиі шаш бояумен айналысқан сайын қан құрамындағы канцерогендер көрсеткіші арта түскен.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар