EXPO-2017

Ғалымдар ұшатын сөмке жасады

12.06.2014

7150

АҚШ ғалымдары ұшатын сөмке жасап шығарды, деп жазады 24.kz.
Денверлік компания жаңа Jetpack, яғни реактивті сөмке ойлап тапты. Ол сағатына 124 шақырым жылдамдықпен ұшып, 76 метрге дейінгі биіктікке көтеріле алады.

Бірақ көкте бар болғаны жарты минуттай ғана қалықтап, жерге қайта қонады. Сонымен қатар, жаңа аппараттың қанаты жоқ, суды да пайдаланбайды. Ал жанармай ретінде сутегі пероксидін пайдаланады. Реактивті сөмке салмағы 82 келіден аспайтын адамды 760 метрге дейін жеткізуге қауқарлы.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар