EXPO-2017

ЕАЭО-ға қатысты маңызды мәселелерді ЖОО алаңдарында да талқылауға болады - Беларусьтің білім министрі

11.06.2014

6898

ЕАЭО-ға қатысты маңызды мәселелерді ЖОО алаңдарында да талқылауға болады. Бұл туралы бүгін Назарбаев Университетінде өтіп жатқан Жоғары білім көшбасшыларының ІІІ Еуразиялық форумында Беларусь Республикасы Білім министрі Сергей Маскевич айтты.
«Бүгінде Еуразиялық экономикалық одақты құру барысында оған қатысушы үш мемлекеттің білім беру жүйесінде де жаңа мәселелер тұр. Сондықтан біз ЕАЭО-ға қатысты маңызды мәселелерді ЖОО алаңдарында да талқылауға тиіспіз. Біз университеттерді дамыту арқылы осындай алаңдарды жасауға мүмкіндік аламыз», - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, қазіргі заманда кез келген мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі сол елдегі университеттердің мықтылығына да байланысты.

«Мемлекетіміз бен экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігі туралы сөз қозғалғанда, ең басты назарды жоғары білім ордаларының білікті маман дайындап шығаруына аударамыз. Сондықтан бұл жағдайда университеттің мамандарды қандай деңгейде дайындап шығаратыны өте маңызды»,- деп атап өтті С.Маскевич.

Автор: Әбу-Асқар Мекешұлы

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар