Өзектi

Қытай ғалымдары тауды жермен жексен етуге қатысты дабыл қағуда

05.06.2014

5775

ҚХР-да Чанъаня университетінің мамандары зерттеулерін жариялап, онда таулар мен жарларды жермен жексен етуді қолға алған мемлекеттік саясат күрделі экологиялық проблемалар туындатуы мүмкін екені айтылған, деп жазады ВВС.

Зерттеу жүргізген ғалымдардың айтуынша, тау жыныстарын ойпат жерлерге тастап, тауларды жаппай тегістеу шаралары түбінде топырақты эрозияға ұшыратып, ауаның ластануы мен су тасқыны сынды табиғи апат туындатуы мүмкін.

Бейжің негізінен жер бедерін өзгерту шарасын тез дамып, өсіп жатқан қалалардың аумағын кеңейту үшін қолға алып отыр.

Nature журналында жарияланған зерттеудің авторлары Қытай билігін бұл науқаннан әлі кеш болмай тұрғанда бас тартуға шақыруда. Сондай-ақ тәуекелдерді тексеру үшін арнайы сараптамалық кеңес құруға үндеді.

Дереккөзі: today.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар