EXPO-2017

ҒАЛЫМДАР: Ұйқы гормоны сүйекті қатайтады

30.05.2014

6604

Мамандар циркадтық ритм мен сүйек ұлпасының дегенерация процесі арасындағы ерекше байланысты анықтады. Ашылған жаңалық остеопороздың алдын алу терапиясын жетілдіруге көмектесуі тиіс. Терапия негізіне мелатонин салынады.
Бұл туралы rosbalt.ru жазады.

Тәжірибе мелатонині бар биологиялық белсенді қоспалардың ересек егеуқұйрықтардың сүйек ұлпасын қатайтқанын көрсеткен. Мелатонин ұйқыны реттеп, дененің температурасының төмендеуі есебінен ұйқыны шақырады. Қартаю кезінде ұйқы сапасы төмендейді және ол остеокласттарды әлдеқайда белсенді етеді. Ол сүйектердің ыдырау процесін тездетеді.

Мелатонин гармонымен биологиялық белсенді қоспаларды тестілеу барысында оны суда ерітілген күйі 20 егеуқұйрыққа берген. 10 аптадан кейін сүйектердің тығыздығы мен беріктігі байқалды: сүйек ұлпасының көлемі мен тығыздығы ұлғайған.

Енді оның адамдар үшін қандай мөлшерін қолдану керектігін анықтау керек.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар