EXPO-2017

Ми жасушасының сақталуы үшін оқуды ерте бастау керек

29.05.2014

6513

Америкалық ғалымдар ерте оқуды ми жасушаларының тірі сақталуымен байланыстырды, деп жазылған Frontiers in Neuroscience ғылыми журналында жарияланған мақалада.
Аталған шешімге олар зерттеу нәтижесінде келген. Оның барысында олар егеуқұйрықтарды туған сәтінен бастап зерттеген.
Зерттеушілердің мәліметі бойынша жақсы үйретілген тышқандардың бейімделуі ерте басталған. Уақыт өте келе олардың миында тірі жасушалар көбірек сақталған.
Ғалымдар мұның келесі заңдылықты көрсететінін айтып отыр: ерте бастан ілім-білім үйрену - мидың тірі жасушаларының көбірек сақталуына әкеледі. Олардың айтуынша, бұл адамдарға да қатысты.

Дереккөзі: baq.kz/

«« | »»
Соңғы жаңалықтар