Биолимонадтың алғашқы 40 литр мөлшерін қарағандылық сүт фабрикасы мен техникалық университет бірлесіп өндірді. Кәсіпорын өз кезегінде болашақ химия ғылымының мамандарына қалдықтан табыс көзін табуды ұсынған. Осылайша кәдімгі сарысудан жаңа сусын пайда болады, деп хабарлайды «Хабар» арнасы.
ҚарМТУ студенті Богдан Ребекевшаның айтуынша, сарысудың жағымсыз дәмі болғандықтан түрлі қоспалармен тәжірибе жасалған. Бір айта кетерлігі, оның құрамында құрамында зиянды деп саналатын Е құрамдауышы жоқ.
Жарты жыл бойы студенттер жаңа сусынның құрамын адам ағзасына пайдалы етудің жолдарын іздейді. Көптеген тәжірибелер жүргізіп, сараптамалар жасайды. Ізденімпаз жастардың еңбектері еш кетпейді, жұмыстың жемісін көреді.
«Биолимонад органикалық қышқылдар мен С дәрумендері бай, құрамында сарысу, лимон және бал бар. Ал тәтті сусынның адам ағзасына берер пайдасы қандай? Белгілі болғандай, сусын ас қорыту жүйесін жақсартып, тырнақ пен шаштың өсуіне көмектеседі. Ал жаздың ыстық күндерінде салқындатып ішсе, шөлді қандырып, ағзаны әлдендіреді», - дейді тілші Айнұр Әбдиева.
Сарысу, бал және лимоннан алынған сусын 95 градусқа дейінгі температурада шамамен 20 минуттай уақыт қайнатылып, кейін 40 градусқа дейін суытылады. Тек осындай дайындау тәсілі ғана биолимонадтың құрамындағы барлық пайдалы дәрумендерді сақтап қалады.
Биология ғылымдарының кандитаты Лариса Ивлеваның сөзіне қарағанда, бұл сусында сүт ақуызыда, аминқышқылдары мен микроэлементтер және макроэлеметтер көп, дегенмен бұған қарамастан құнарлығы аз. Құрамында ешқандай қосындылар жоқ. Үш төрт күннен кейін барлық сүт тағамдары сыяқты сусын аши бастайды, алайда ешқандай зияны жоқ.
Алдағы уақыттарда көп мөлшерлерде дайындалатын биолимонад университет асханасында сатылады. «Жаңа сусын студенттердің ойлап тапқан өнімі болғандықтан, оның бағасы басқа сусындарға қарағанда арзанырақ болады», - дейді университет басшылығы.
Дереккөзі: inform.kz