Ғылыми жаңалықтар

Ұйқыңыз келмесе, шие шырынын ішіңіз

04.05.2014

5433

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұйқыcыздық дертіне шалдыққан адамдарға күніне екі мезгіл, яғни таңертең және кешке шие шырынын ішіп тұрған абзал, деп жазады meddaily.ru.
Арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей күніне екі рет екі апта бойы шие шырынын ішкен адамның ұйқысы шамамен 90 минутқа ұзарады.

Дәріден гөрі шырын ішкен денсаулыққа пайдалы. Әсіресе қарт адамдар үшін. Өйткені олар ұйықтаттын дәрі ішсе, күндіз де мең-зең болып, тіпті құлап қалуы мүмкін. Ал шырындағы мелатонин гормоны сергектік пен ұйқы циклін реттеуге септігін тигізеді.

Дереккөзі: http://www.inform.kz/kaz/article/2654835

«« | »»
Соңғы жаңалықтар