Ғылыми жаңалықтар

Арықтағыңыз келсе, күріш жеңіз...

04.05.2014

5287

АСТАНА. ҚазАқпарат - Арықтағыңыз келсе, күріш жеңіз. Бұндай тұжырымды америкалық ғалымдар айтуда. Күніне бір порция күріш жеп отырсаңыз сіз едәуір салмақтан арыла аласыз, дейді зерттеушілер.
Мамандар өз зерттеулеріне 14 мың адамды қатыстырған. Олардың барлығы да күнде күріш жеп отырады. Сондақтан да тәжірибе қатысқан адамдардың ағзалары калий, магний, темір, фоли қышқылына бай болып, керісінше маймен қант азайған. Күріште натрий болмайды, сондай-ақ аса майлы да емес. Күріш жеген адам тоқ жүреді, бірақ артық салмақ қоспайды.

Ақ күріштің құрамында 15 дәрумен мен минералдар бар: соның ішінде фоли қышқылы, В тобының дәрумендері, темір мен мырыш.

Күріштің құрамында холестерин мүлде жоқ. Сондықтан да күріш жармасы диеталық тағамдардың қатарында жүр.

Дереккөзі: http://www.inform.kz/kaz/article/2654410

«« | »»
Соңғы жаңалықтар