Ғылыми жаңалықтар

Қазақстанда алғаш рет мүгедектер үшін күн нұрымен жүретін арба жасап шығарылды

04.05.2014

5172

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар мүгедектер үшін күн нұрымен жүретін арба жасап шығарды, деп жазады 24.kz.
Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясында еліміздің үздік 30 мемлекеттің қатарына қосылу жолында инновациялық жүйелердің тиімділігін арттырып, ғылым мен білім сапасын жақсартуға зор көңіл бөлінгені белгілі.

Бұл ретте осыдан тура 22 жыл бұрын ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия басшысы Сүлеймен Демирельдің ортақ шешіміне сәйкес ашылған халықаралық қазақ-түрік университетінде атқарылып жатқан шаруалар ауқымды. Оқу орнының ғалымдары мүгедектер үшін күн нұрымен жүретін арба жасап шығарды, ал болашақта оқу ғимараттарын баламалы электр қуатына көшіру жоспарланып отыр. Осы 22 жылдың ішінде университетті 100 мыңға жуық түлек бітіріп шықты. Қазір олар еліміздің әр түкпірінде түрлі салада еңбек етіп жүр. Бүгінде оқу орнында 26 мемлекеттен 10 мыңнан астам астам студент білім алуда. Ғылыми-инновациялық жобаларға да мұнда зор көңіл бөлінген. Университет ғалымы Ферхад Чайыр ұзақ жылдардан бері күн нұрынан қуат алатын бірнеше жобаны жүзеге асырды. Ал Түркия тарапының қаржыландыруымен іске асқан төртінші еңбегі мүгедек жандар үшін таптырмас құрал болды. Алғашқы арбаны оқу орнының басшылары Кентау қаласының тұрғыны Жәнібек Бердімұратовқа тегін сыйға тартты. Ағаштан бұйымдар жасаумен айналысатын жас кәсіпкерге бұл үлкен демеу болды.

«Бұл баламның қозғалысын жеңілдетті. Осындай сый тарту еткен Иасауи атындағы университетке алғысым шексіз. Балам 30 жасқа дейін 10 қол арба ауыстырды», - деп өз ризашылығын Кентау қаласының тұрғыны Жұмагүл Тулянова білдірді.

«Бұл машина Қазақстанда 1-рет шығарылған. Енді көп машина жасаймыз. Университетте баламалы қуат көздері, экологиялық сауықтыру сияқты салаларға бағытталған барлығы 500-ге жуық ғылыми инновациялық жоба дайындалған. Қаржы мәселесі шешілсе, игілігін көретін күн алыс емес», - дейді Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-нің бірінші вице-президенті Мұса Йылдыз.

Дереккөзі: http://www.inform.kz/kaz/article/2654844

«« | »»
Соңғы жаңалықтар