Ғылыми жаңалықтар

Египетте жаңа пирамида мен саркофаг табылды

03.04.2014

4087

Египеттегі көне қалалардың бірі саналатын Абидоста археологтар 3300 жылдық тарихы бар саркофаг тапты. Ғалымдардың айтуынша, табыт биіктігі 7 метрлік пирамида ішінде сақталып келген.

Қабірханаларды зерттеу кезінде археологтар тобы құмнан жасалып, қызыл түске боялған табыт тауып алған. Ол Хоремхеб есімді жазғышқа арналып әзірленген. Саркофаг сыртында Египет құдайларының суреттері, иероглифтер және Өлілер Кітабындағы мәтін жазылған.
Дегенмен, табыт ішінен сүйек табылған жоқ. Ғалымдардың айтуынша, саркофаг бұған дейін екі рет тоналған көрінеді. Сонымен қатар, аталған қабірханадан жиырмаға жуық адамның сүйегі табылып отыр. Араларында кішкентай балалар да бар.
Бұрын бұл жерде биіктігі 7 метр болатын пирамида болған дейді зерттеу жүргізген археологтар. Қазір оның тек қалың қабырғалары ғана сақталып тұр. Қалған бөлігін табу мүмкін болмай отыр.

Источник: today.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар