Ғылыми жаңалықтар

Жастар дәрігер мамандығына қызыға бастады – зерттеулер

02.04.2014

3975

Мектеп оқушылары медицина саласының мамандығын жиі таңдайды. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының жастарды қолдау бойынша сараптама тобының отырысы барысында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Жанар Буканова мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Отырыс барысында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Жанар Буканова «Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығын зерттеу» атты республикалық әлеуметтік зерттеу жұмысының алғашқы қорытындыларымен таныстырды.

«Мектеп оқушыларының арасында медицина қызметкері мамандығы жиі таңдалады. Екінші орында – қаржы саласына байланысты мамандықтар: экономист, банкир, бухгалтерлік есеп және аудит. Үшінші орында – заң саласындағы мамандықтар: заңгер, төреші, халықаралық құқық, нотариус», - деді Ж.Буканов.

Источник: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар