Бір мектептен 11 шәкірт республикалық олимпиада жүлдегері атанды
27.03.2014
4190
Өскемен қаласында жаратылыстану-математика пәндері бойынша өткен республикалық олимпиададан батысқазақстандық оқушылар олжалы оралды.
Облыстық білім басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, әсіресе, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицей-интернатының 9 сынып оқушылары Мирас Мұратов пен Бауыржан Сайынов химия пәнінен, 11 сынып оқушысы Эльмира Кәрімова география пәнінен бірінші орын иеленіп, жеңімпаз атанды. Сондай-ақ аталмыш мектептің тағы сегіз оқушысы жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Источник:www.inform.kz
| «« | »» |