АҚШ-та қазақстандық генетик-ғалымның жаңалығын әлемдік ғылыми қауымдастық қызу талқылап жатыр
АҚШ-та қазақ ғалымы Шухрат Мүтәліпов баланы үш ата-анадан тудырып алуға болатын технологияны ойлап тапты.
Қазіргі уақытта бала тууға қатысты жаңа технологияның қауіпсіздігін FDA (АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын санитарлық қадағалау басқармасы) тексеріп жатыр. Әңгіме баланы үш ата-анадан тудырып алуға болатын жаңалыққа қатысты болып отыр.
АҚШ және Қытай ғалымдары зерттеуге алған жаңа әдіс генетикалық аурулары бар аналарға дені сау бала табуға мүмкіндік бермек.
Бұл технология бойынша әйелден аналық жасушасы алынып, ол жерден өзгерістерге ұшыраған кеміс ДНҚ шығарылады. Сосын оның орнына дені сау әйелдің аналық жасушасынан алынған ядро салынады. Кейін оған еркек ұрығы енгізіліп, анасының жатырына орналастырылады.
Осындай әдісте балаға донор болған әйелдің тек 0,1 пайыз гені беріледі. Дегенмен, ол балада екі емес, үш ата-ана бар деп есептеуге болады.
Жаңа теория Reproductive BioMedicine Online атты ғылыми журналда жарияланды. Оның авторы - Қазақстан тумасы Шухрат Мүтәліпов. Жоғары білімді ол Ресейде алған. Қазіргі уақытта Ш.Мүтәліпов Орегонаның ғылым және денсаулық университетінің (Oregon Health and Science University) профессоры болып табылады.
FDA бұл технологияны 25 ақпанда зерттей бастады. Бір аптадан кейін АҚШ билігі үш ата-анадан бала табуға болатынын, не болмайтынын шешуі тиіс.
Дерек көзі: inform.kz