Ғылыми жаңалықтар

Оралдық жас ғалымдар роботтар жарысын өткізді

25.02.2014

3873

Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде робототехника бойынша І желілік чемпионат өтті.

Алғаш рет ұйымдастырылған бұл жарысқа Қазақстанның өзге аймақтарындағы «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» шәкірттерінен құралған командалар қатысуға ниет білдірген. Яғни, темірлер жарысына еліміздің 15 қаласынан барлығы 100-ге жуық оқушы қатысты. Сайыста алдымен роботтардың жылдамдығы тексерілді. Кейін олар берілген жолдағы түрлі кедергілерді бағындыра отырып жүріп өтті. Оқушылар траектория, кегельринг, сумо кезеңдері бойынша өз бақтарын сынады.

Ал, мұндай роботтарды жасап шығып, оны қозғалысқа келтіру үшін жас шеберлер әрине, механика мен электроника, түрлі компьютерлік бағдарламаларға да бейімді болуы керек.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, чемпионат оқушылардың инновацияға және жоғары технологияларға қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді. Сондай-ақ, оқытушыларға да өз білім ошақтарында «Робототехника» курсын келешекте жаңғыртуға мүмкіндік бермек.

Келесі жарыс қыркүйек айында өткізіледі деп жоспарлануда. Бұл сайыста Мәскеу қаласында өтетін әлем чемпионатында сынға түсер ел құрамасы анықталады.

Мәлімет көзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар