Қазақстанның бірқатар ғылыми және медициналық ұйымдарының мамандары 4G/5G технологияларының адам денсаулығына әсері туралы халықаралық зерттеулерге талдау жүргізді. Мета-талдаулар мен жүйелі шолуларды қоса алғанда, 255-тен астам ғылыми жарияланым зерттелді.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, бүгінгі күнге дейін электромагниттік қауіпсіздіктің халықаралық нормалары сақталған жағдайда 5G технологияларының адам денсаулығына ұзақ мерзімді кері әсер ететіні туралы сенімді ғылыми дәлелдер алынған жоқ.
Сонымен бірге ғалымдар радиожиілікті сәулеленудің әсерін зерттеуді жалғастыруда. Жекелеген мәселелер әлі де ғылыми пікірталастардың нысаны болып отыр. Сондықтан ғылыми қоғамдастық ЭМӨ-ні нормалау кезінде сақтық қағидатын ұстанып, жаңа ғылыми деректерді тұрақты түрде бағалап отырады.
Қазақстанда ЭМӨ деңгейлері санитариялық-гигиеналық нормативтермен реттеледі. Бұл нормативтер әсер етудің шекті рұқсат етілген деңгейлерін белгілейді және олардың сақталуы денсаулыққа қауіпсіз өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етеді.
Халық үшін белгіленген ЭМӨ-нің рұқсат етілген деңгейлері кәсіби қызмет барысында жұмысшыларға әсер етуге арналған нормативтерден төмен және гигиеналық қауіпсіздіктің елеулі қорын қарастырады.
Сондықтан белгіленген талаптар сақталған жағдайда ұялы байланыс мұнаралары мен 4G/5G жабдықтарының болуының өзі оларды халық денсаулығына қауіпті деп санауға негіз болмайды.
Заманауи технологиялардың әсері туралы ақпаратты ресми және ғылыми тұрғыдан негізделген дереккөздерден алмай, әлеуметтік желілердегі тексерілмеген мәліметтерге сүйеніп, ықтимал қауіптер туралы қорытынды жасау орынсыз әрі қате болып қала бермек.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1275125?lang=kk
Фото: Gov.kz