Қазақстан ғылымы

Этносаралық тұрақтылықты ғылыми тұрғыдан нығайтуға бағытталған зерттеу жүргізілді

04.03.2026

2

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті базасында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің тұрақты қолдауының арқасында, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруымен жүзеге асырылған AP19677146 «Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі этникалық азшылықтардың этникалық бірегейлену үдерістерін кросс-мәдени және аксиологиялық талдау» атты іргелі ғылыми жоба өз мәресіне жетті.

Зерттеудің мақсаты – көпэтносты Қазақстан жағдайында қоғамдық келісім мен этносаралық тұрақтылықты ғылыми тұрғыдан нығайту, этникалық азшылықтардың бірегейлену үдерістерін кешенді талдау және олардың қоғаммен ықпалдасу тетіктерін анықтау.

Жоба пәнаралық бағытта жүзеге асырылды. Жоба жетекшісі: философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Жарқынбек Оралбекұлы Әбікенов. Сонымен қатар, іргелі теориялық және кросс-мәдени талдауға философия ғылымдарының докторы Тұрсын Ғабитов пен саяси ғылымдар кандидаты Мұрат Насимов үлес қосты. Әлеуметтік зерттеу және сауалнама жұмыстарына әлеуметтік ғылымдар кандидаты Махпал Сыздықова қатысты. Философия, саясаттану және әлеуметтану салаларының тоғысуы этносаралық мәселелерді кешенді деңгейде талдауға мүмкіндік берді.

Жоба нәтижесінде:

  • «Қазақ елі: ұлттану тәжірибесі»
  • «Болмыс стратегиялары»
  • «Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі этникалық азшылықтардың этникалық бірегейлену үдерістерін пәнаралық талдау» атты 3 монография жарияланды.
Сонымен қатар:
  • Scopus базасына енетін журналдарда 2 мақала;
  • ҚР ҒЖБССҚК ұсынған басылымдарда 15 мақала;
  • өзге ғылыми журналдарда 8 мақала;
  • халықаралық конференцияларда 4 баяндама жасалды;
  • республикалық және өңірлік БАҚ-та 15 танымдық мақала жарияланды. 

Бұл зерттеу коммерцияландыруға бағытталмағанымен, оның нәтижелері мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, арнайы танымдық курстар мен семинарлар ұйымдастыру, жоғары оқу орындарында оқытылатын философия, мәдениеттану және аксиология пәндерін нақты қазақстандық мысалдармен байытуға мүмкіндік береді.

Жоба этносаралық қатынастарды ғылыми тұрғыдан зерделеп, ортақ құндылықтарды анықтауға бағытталған кешенді зерттеу ретінде өз мақсатына жетті.  

Дереккөз: https://web.facebook.com/Abikenov.Zharkynbek?locale=ru_R
Фото: Ar.egemen.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар