Әлемдегі ғылым

Ежелгі құмырсқаның жаңа түрі Доминиканнан табылды

25.02.2026

15

Кәріптас (янтарь) бөліктерінде қалып қойған жәндіктерді зерттеу барысында ғалымдар миллиондаған жылдар бұрын жойылып кеткен құмырсқа түрін тапқан. Зерттеу қазіргі Доминикан Республикасында жүргізілген. 

Балтық, Доминикан және Бирманың әйгілі кен орындарының кәріптастары арқылы көптеген жылдар бойы ежелгі экожүйелер туралы бірегей ақпараттарға қол жеткізіліп келеді.  Қылқан жапырақты ағаштардың қатып қалған шайырында миллиондаған жылдар бұрынғы организмдер сақталған. Солардың ішіндегі жәндіктердің ең көп және экологиялық маңызды топтарының бірі – құмырсқалар.  

Ғалымдар мөлдір сары доминикандық кәріптастың кішкене бөлігін егжей-тегжейлі зерттеп, оның ішінен қанатты аналық құмырсқаны анықтаған. Сантьяго провинциясының шахталарында табылған үлгінің жасы шамамен 16 миллион жыл деп есептеледі. Жәндіктерді еш зақым келтірместен зерттеу үшін ғалымдар цифрлық микроскопия мен микрокомпьютерлік томографияны қолдана отырып, құмырсқаның үш өлшемді моделін жасаған. Зерттеу нәтижелері Journal of Paleontology журналында жарияланған. 

Авторлар зерттелген құмырсқалардың ғылым үшін жаңа түрі екенін анықтады. Оған латынның кәріптас сөзін және Кариб теңізінің байырғы тұрғындарының тайно тілінен шыққан «көсем» немесе «билеуші» дегенді біріктіретін Hypoponera electrocacica атауын берілген. Жүргізілген талдау жаңа түрдің гипопонера тұқымдасына тән барлық белгілерге ие екенін көрсетті: оның үлкен тістері бар кішкентай, тегіс мандибулалары, қанаттарының жеңілдетілген венациясы және іштің сабағында дөңгелек проекциясы бар. 

«« | »»
Соңғы жаңалықтар