Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ғалымдары ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру мақсатында топырақты терең қопсытатын техникалық құрал жасап шығарды.
Жоба аясында эксперименттік терең қопсытқыш-тыңайтқыш үлгісі жасалды. Ғылыми жаңалығы – доза беретін және топыраққа араластыратын жұмыс органдарының тыңайтқыш пен топырақпен өзара әрекеттесу заңдылықтары.
Тыңайтқыш енгізгіш бір немесе екі түрлі тыңайтқышты бір мезгілде 3 тереңдікке енгізуді қамтамасыз етеді: 8…10 см (3), 16…18 см (2) және 23…25 см (1), мұнда (1) және (2) тереңдіктері жұптасып, ал (3) тереңдік бөлек, жалпы өңдеу тереңдігінен тәуелсіз реттеледі. Құрал 100 га жерге енгізілді. Қолдану саласы – ауыл шаруашылығы, машина жасау. Тыңайтқышты енгізудің экономикалық тиімділігі – 4013,25 теңге/га.
Зерттеу нәтижелерін мамандар тыңайтқыштардың негізгі дозаларын бір уақытта енгізе отырып, терең қопсыту үшін жаңа және қолданыстағы техникалық құралдарды жасау кезінде қолдана алады.
Ғылыми жоба: Минералды тыңайтқыштарды топырақ ішіне қабатты және саралап енгізетін чизелді тереңқопсытқыш тыңайтқыш енгізуші жасау
Жетекшісі: техникалық ғылымдар докторы, профессор С.О. Нукешев
Фото: Istock