Әлемдегі ғылым

Қазақ ғалымдары өсімдіктен сүт өндіру жобасын қолға алды

12.02.2026

3

Отандық ғалымдар өсімдіктен сүт алу жобасын іске асыруға кірісті. Жануар сүті дәруменге толы болғанымен, оның құрамындағы лактозаға аллергиясы бар адамдар аз емес. Сондықтан өсімдіктен алынған өнім олар үшін таптырмас сусын, дейді мамандар. 

Гүлназым Оспанқұлова бидай, арпа, күріш, амарант сияқты дәнді-дақылдардан сүт өндіру жобасын қолға алды. Өндіріске биотехнологиялық әдістеме қолданылады. 

Гүлназым Оспанқұлова, жоба авторы: 

- Бидай алынады, ұнтақталады. Содан кейін оған су қосылып, жоғары температурада ферменттер қосылады. Ферменттер гидролиз деген процесте жүргізіледі. Ол кезде көмірсулар, полисахаридтер, крахмал, содан кейін ақуыздар, майлардың бәрі ыдырайды. Сол кезде өте нәрлі болып шығады.
 
Өсімдіктен сүт өндіру оңайға түспегенмен, қысы-жазы мал бағып, сиыр сауғаннан әлдеқайда жеңіл. Оның үстіне мол шығынды да талап ете қоймайды. Ғалымдардың зертханасы ірі қараны алмастырады, бірақ сапасы жағынан әзірге толық балама бола алмайды. Дегенмен өзіне тән артық тұстары бар. 

Гүлназым Оспанқұлова, жоба авторы: 

- Мысалы, амаранттан алынған сусынға біз зерттеулер өткіздік. Тышқандарға берілді. Содан кейін іш құрылысына қалай әсер еткенін зерттеген кезде жануардың ағзасына пайдалы екені және кейбір ауруларды емдейтіні белгілі болды.
 
Өсімдік сүті шетелде өндіріледі. Ал Қазақстанда алғаш рет қолға алынды. Жобаға Ғылым қорынан қаржылай қолдау көрсетілген. Енді Ақмола облысында зауыт ашу жоспарланып отыр. 

Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/753702-otandyk-galymdar-osimdikten-sut-aluga-bolatynyn-daleldedi
Фото: Istock

«« | »»
Соңғы жаңалықтар